СҚО-да жол апатынан Германия азаматы мен оның қызы қайтыс болды

cover Фото: Бейнеден кадр

1 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы Челябинск – Новосибирск тас жолында жан түршігерлік жол апатынан Германия азаматы мен оның қызы көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz Halyqstan телеграм арнасына сілтеме жасап. 

Қарт ерлі-зайыпты мен олардың қызы, күйеу баласы (Германия азаматтары) мінген Мазда көлігіне қарама-қарсы бағытта келе жатқан Chevrolet көлігі соқтығысқан. Соққыдан Мазда артында келе жатқан Lexus-570-ке соғылды.

«Апат салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі түрлі жарақат алды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады»,  деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Жол апатынан 73 жастағы Германия азаматы мен оның 48 жастағы қызы қаза тапты. Оның жұбайы мен күйеу баласы қазір ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Lexus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы да зардап шекті. Олар да ауруханаға жеткізілді. Қайғылы жағдайға себеп болған  28 жастағы Chevrolet көлігінің жүргізушісі де ауруханада жатыр. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті дәрігерлер мен полиция қызметкерлерінің бақылауында.

Айта кетейік, Аягөзде жүргізуші куәлігі жоқ 21 жастағы жігіт 6 жастағы баланы көлікпен қағып өлтірді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар