СҚО-да орыс ұлтына тіл тигізгені үшін сотталған жүкті әйел үйіне жіберілді
Фото: Orda.kz
Солтүстік Қазақстан облысында 35 жастағы мұғалім Жансұлу Дархамбаеваға қатысты апелляциялық сот отырысы өтті. Ол 20 мамыр күні орыс ұлтына тіл тигізіп, айтқан сөздері үшін екі жыл бас бостандығынан айырылған еді. Үкім шыққаннан кейін бір айдан соң педагог дүниеге қыз алып келді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін Orda.kz жүкті мұғалімнің ұлтаралық араздық қоздырды деген айыппен екі жылға сотталғанын жазған еді.
Қаңтар айында Дархамбаева TikTok желісіне орыс ұлты өкілдеріне қатысты түсірген бейнежазба жариялаған. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, ол бұл жазбаларда ұлт өкілдерін балағаттап, кемсіткен.
«Орыс ұлты өкілдерін көпшілік алдында балағаттап, оларға деген жағымсыз әрі менсінбейтін көзқарасын білдірген. Бұл оның ұлттық ерекшелігіне байланысты кемсіту ниетін көрсетті» деп жазылған іс материалында.
Сот жүкті мұғалімді екі жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қоныс-колониясында өтеуді белгілеген.
Ғабит Мүсірепов ауданының судьясы Ғалия Ертаева шығарған үкімді айыпталушының туыстары мен адвокаттары тым қатаң деп бағалап, бірден апелляцияға жүгінді.
Апелляцияға дейін 11 маусымда Жансұлу Дархамбаева қыз баланы дүниеге әкелді. Перинаталдық орталықта Дархамбаеваға кесар тілігі жасалды. Бір аптадан соң облыстық сот апелляциялық шағымды қарады.
«Ж. Дархамбаеваның үндеулері ғаламторда таралды. Заңсыз мазмұндағы жазбалар жарияланған мессенджерлерде жарты миллионнан астам қолданушы тіркелген. Бұл әрекеттер ұлтаралық татулық пен қоғамдық бірлікті бұзуға бағытталған, ал бұл – мемлекетіміздің іргетасы. Конституцияда нәсіліне, ұлтына не дініне байланысты кемсітуге тыйым салынған. Сондықтан заңда мұндай экстремистік сипаттағы қылмыстар үшін жауапкершілік қарастырылған. Заң мен сот алдында барлығы тең».
Облыстық соттың хабарлауынша, сотталушының кінәсі толық дәлелденген. Бірінші сатыдағы соттың үкімі заңды әрі орынды деп танылды.
Сонымен бірге, сотқа келіп түскен медициналық қорытындыға сәйкес, Жансұлу Дархамбаеваның босанғаннан кейін денсаулығы нашарлағаны анықталған. Апелляциялық сот отырысында ол кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдіріп, бала босанғанына және денсаулық жағдайына байланысты жазаны өтеуді кейінге қалдыруды сұраған.
Апелляциялық инстанция Жансұлу Дархамбаеваға жазаны өтеуді екі жылға кейінге қалдыру туралы шешім шығарды. Алайда мұғалім қайта құқық бұзушылық жасаған жағдайда бұл шешімнің күшін жоятынын ескертті.
Еске сала кетсек, Orda.kz Жансұлу Дархамбаеваның босанғаны жайлы жазған еді.
Жаңалықтар
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеуі жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін