СҚО-да әлі ашылу салтанаты өтпеген Міржақып Дулатұлының мемориалын қасақана қиратып кетті
Фото: Facebook/ Заңғар Керімхан
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Петровка ауылының маңында жеке кәсіпкерлердің, Алаш қайраткерлерінің ұрпақтарының көмегімен салынған мемориалдық кешенді белгісіз біреулер қиратып кетті деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы тарихшы, алаштанушы Заңғар Кәрімхан әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Заңғар Керімхан мемориалдық кешен Алаштың аса көрнекті қайраткері, жазушы-журналист Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай жасалғанын мәлімдеді.
Тарихшының айтуынша, қазіргі заманғы инженерлік-архитектуралық талаптарға сай жасалған, биіктігі 28 метр болатын еңселі ескерткіш 27 қыркүйекте ашылуы тиіс болған екен. Бірақ уақыт жақындағанда ұйымдастырушылар қасақана қиратылған мемориалдық кешенді көріпті.
«Кешенді жасаушылардың айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі техника, крандар, жұмысшылар жіберіп, кешенді талқандауды бастаған. Ұшар басындағы қыранның символдық бейнесін, айналасындағы шам бағандарын, мемориалдық тақтаны сындырып, бұзып кетеді. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен оның айтқанын екі етпейтін орынбасары Жүсіп Жұмағұлов басқаратын әкімдіктің ойынша, «Алаш» партиясына, Алаш Орда үкіметіне және оның көсемдеріне 28 метрлік мұндай керемет ескерткіш орнатуға болмайды-мыс» деп жазды тарихшы.
Заңғар Керімхан облыс әкімдігі жіберген кемшілікті түзеп, ескерткішті қалпына келтіріп, кешеннің ашылуын дұрыстап ұйымдастыруды талап етіп отыр.
«Бұл кешен тек Міржақыпқа ғана қатысты емес, осы өлкеге ғана тиесілі емес, Әлихан, Ахмет, Жаһанша, Мұхамеджан, Смағұл сынды тау тұлғаларға құрмет деп есептеледі» деп жазды Заңғар Керімхан.
Айта кетейік, бүгін, 26 қараша күні «Бәйтерек» Ұлттық холдиңгінің атауы «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдиң деп өзгертілді.
Жаңалықтар
- Екі жыл ішінде елімізде балаларды қорғауға қатысты 11 заң қабылданды
- Масуд Пезешкиан: Әдейі арандатушылық болмаса, көрші елдерге шабуыл жасамаймыз
- «Бүгін Иранға өте қуатты соққы жасалады» — Трамп
- Қазақстанда Отбасы омбудсмені институты енгізіледі
- Дубай әуежайы қауіпсіздік қатеріне байланысты жұмысын уақытша тоқтатты
- СҚО-дағы тас жолда екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты
- Кәсіби боксшы Мадияр Әшкеевтің АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті
- 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті