Әскерилер жұмыс орнын ауыстырғаны үшін миллиондап пара алған

cover

Әскери қызметшілерді Алматыға ауыстыру кезінде ақша алғаны үшін шенділер жауапқа тартылуда. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Данияр Биғайдаров департамент сайтында өткен брифингте хабарлады. Ол сыбайлас жемқорлық бойынша күдікті болған үш әскери қызметкерге қатысты сот үкімін жариялады.

2021 жылы 8 қаңтарда Алматы гарнизоны әскери соты Қорғаныс министрлігі кадр басқару және әскери білім департаментінің бастығы болған полковник Жанатай Байғазиновті бес жылға бостандығынан шектеді. Сот дәл осындай жазаны «Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты» курсанттар взводының командирі, аға лейтенант Еркінбек Жұмашевқа тағайындады. Сол үкім бойынша полковник Мақсұт Ысмағұловқа 28,6 миллион теңге айыппұл салынды.

«Олар  әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының басқа әскери бөлімдеріне өткізгені үшін алдын-ала сөз байласу арқылы адамдарды алдау және сенімге қиянат жасау жолымен жалпы сомасы 2 867 000 теңге алған деген күдік бар», - деді Биғайдаров.

Департамент офицерлері әскери қызметшілерді басқа аймақтардан Алматыға ауыстыру үшін «кадрлық бизнес» ұйымдастырып, оны жүйелі түрде жүргізді деген күдікке ілінген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, алынған заңсыз ақшалай сыйақы мөлшері бір әскери қызметшіні ауыстырғаны үшін 800 мыңнан 1,1 миллион теңгеге дейін болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар