СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
Фото: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайға байланысты ел азаматтарына арналған ұсыныстарын жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ведомство өзінің ресми сайтында және Telegram арнасында мәлімдеді.
«Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстардың жалғасуына, сондай-ақ өңір елдерінің басым бөлігінде әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына аталған мемлекеттерге белсенді әскери іс-қимылдар толық тоқтап, жағдай толық тұрақталғанға дейін барлық сапар түрінен бас тартуды қатаң түрде ұсынады» деп жазылған хабарламада.
Ескерту жасалған елдердің қатарына Бахрейн, Египет, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Катар, Сауд Арабиясы, Кувейт, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман және Сирия бар.
Министрлік өңірде жүрген қазақстандықтарды жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуге, ықтимал қауіпті аймақтарға бармауға, жергілікті билік органдары нұсқауларын қатаң орындауға шақырды. Сонымен қатар зымыран қаупі туындаған жағдайда дереу паналау орындарына баруды, сондай-ақ Қазақстанның шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болу қажеттігі айтылды.
Бұған дейін Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты министрлік пен оның шетелдегі өкілдіктері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқаны хабарланған. Өңір елдеріндегі Қазақстанның дипломатиялық мекемелері жағдайды үздіксіз бақылап, жергілікті билік органдарымен және Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыс орнатқан. Сондай-ақ олар жедел әрекет ету және консулдық-құқықтық көмек көрсету үшін әуежайларға тұрақты түрде барып тұрады.
Соңғы рет Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды. Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының 12 рейсі орындалды.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
Жаңалықтар
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды