Шымкенттің ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментін кім басқарады?

cover Фото: Gov.kz

Руслан Сейсембаев Шымкент қаласы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды  Orda.kz.  

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі бұл тағайындау туралы ресми мәлімдеме жасамағанымен, комитет сайтында Руслан Сейсембаевты өңірлік органның басшысы ретінде көрсетілген ақпарат пайда болды.  

Өткен жылдың қыркүйегінде ол күштік құрылымдардағы кадрлық өзгерістер аясында комитет төрағасының орынбасары қызметінен босатылған болатын. Бұған дейін Сейсембаев бір жылдан астам уақыт антитеррор қызметін басқарған.  

Руслан Сейсембаев ұлттық қауіпсіздік органдарындағы қызметін 1997 жылы бастаған. 2008 жылдан бері әртүрлі өңірлерде департаменттерді басқарған. Қаңтар оқиғасына бір жыл қалғанда мемлекет басшысынан генерал-майор атағын алған.  

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар