Шымкенттік шенеунік қоймен 1 миллион көлемінде пара алды

cover

Шымкентте 30 қой мен 11 мың теңгені қолма-қол пара ретінде алған шенеунік сотталды, деп хабарлады Orda.kz.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров:

– 2021 жылы 25 наурызда Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сәулет бөлімінің бастығы пара алды деген күдікке ілінді. «Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жобалары мен нысандары бойынша сметалық құжаттаманы дайындаған Ш. Қожамсүгіров алаяқтық жасады деп айыпталды. Оған 15,6 млн теңге айыппұл салынып, өмір бойына азаматтық қызмет атқару құқығынан айырды.

Тергеушінің айтуынша, ол Шымкент қаласының Ташкент тасжолы бойында орналасқан жер учаскесіне мемлекеттік акт алуға көмектескен. Осылайша, алаяқтық жолмен жалпы сомасы 1,2 млн теңгеге 30 бас қой және 11 мың теңге көлемінде пара алған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар