Шымкентте жалған ақша мен есірткі сатқандар құрықталды

cover Фото: depositphotos

Шымкент қаласының екі тұрғыны салмағы 5 келіге жуық «гашиш» пен жалған 10 000 мың АҚШ долларын сатпақ болған кезде ұсталды. 

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

«Тергеу барысында қаржы мониторингі агенттігі қызметкерлері өсімдік тектес қара-жасыл затты бақылау мақсатында сатып алды. Артынша күдік тудырған заттың «гашиш» екені анықталды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар тергеу барысында оның сыбайласы да анықталды. Одан 13 100 жалған АҚШ доллары және салмағы 1 келіге жуық «гашиш» тәркіленді. 

Сот бұл азаматтарды кінәлі деп танып, 11 жылға және 5,5 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар