Шымкентте Руслан Берденовке қастандық бойынша апелляциялық сот басталды
Коллаж: Orda.kz
Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша апелляциялық сот процесі басталды. Ернар Жиенбайға шыққан үкім не жәбірленушіге, не қорғау тарапына ұнамаған. Екі жақ та істі қайта қарауды талап етті. Процеске Orda.kz тілшісі қатысты.
Алғаш болып Берденовтің адвокаты Жеңіс Тыныбек сөз алды. Ол істі қайта саралауды сұрады. (Бірінші инстанция соты Ернар Жиенбайды адам өлтіруге оқталу бабымен кінәлі деп тапқан).
«Біз Ернар Жиенбайды Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 2 және 6-тармақтары бойынша (тікелей ниетпен кісі өлтіруге дайындалу) кінәлі деп тануды сұраймыз. Бұрынғы үкім заңсыз шығарылды, оны өзгерту қажет», — деді адвокат Тыныбек.
Сотта сотталғанның әкесі Жиенбай Пірәлиев те сөз сөйледі. Ол кәсіпкер Сырымбек Тау мен болған әңгімесін баяндады.


«Сотта Берденов: «олар кешірім сұрамады» деді. Бұл шындыққа жанаспайды. Оқиғадан кейінгі күні жұбайыммен ауруханаға бардық, бірақ кіргізбеді. Күзет күшейтілген, туыстары ашулы болды. Кейін аурухана ауласында Сырымбек Тау мырзамен жолықтық. Ол «Олимп» тобының адамдарынан күдіктенгенін айтты. Басқалар тапсырыс әкімдіктен түсті деді. Бірақ мұның бәрі жалған болып шықты, біз татуластық. Маған өтініштің мәтінін беріп, жариялауды сұрады. Кейін келінімнен де солай істеуді өтінді. Алайда кешірім береміз деген уәделер орындалмады. Ұлым мұны намысына тиіп, ашу үстінде жасады, ешкімді өлтіру ойында болмаған», — деді ол.
Пірәлиев істі Қылмыстық кодекстің 106-бабы («денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қайта саралауды және ұлын түрмеге жаппай, бостандықты шектеу жазасын тағайындауды сұрады.
Апелляцияның алғашқы отырысы небары бір сағатқа созылды. Руслан Берденов сотқа келмеді. Іс бойынша келесі тыңдау бүгін жалғасады, онда сотталған Ернар Жиенбайдың өзі сөз сөйлейді.
Еске сала кетейік, биыл көктемде Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды. Бұл оқиға бойынша айыпталушы Берденовтің бұрынғы қызметкері Ерлан Жиенбай болып отыр.
Жаңалықтар
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды