Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім түрмеден бір-ақ шықты

cover Фото: freepik.com

Шымкент қаласында жасөспірім полицейге қол көтеріп, жазаға тартылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Сотта анықталғандай, оқиға 2025 жылдың қараша айында болған. Патрульдік полиция қызметкерлері төбелес туралы шақыртуға барған. Қызметкерлер көліктен түскеннен кейін жасөспірім олардың заңды талаптарына бағынбай қарсыласқан. Жасөспірім бір полицейдің бет тұсынан ұрып, денсаулыққа зиян келтірмейтін дене жарақатын салған. 

Айыпталушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді. Сот оны 1 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар