Шымкентте «Назира Голд» ісіне сот үкімі шықты: халықты алдап, 16 млрд теңге жымқырғандар сотталды
Фото: Orda.kz
Шымкентте атышулы «Назира голд» ісіне сот нүктесі қойылды. 28 жастағы Нәзира Нұржанова жұртты «ақшаға қарық қыламын» деп алдап, алтындарын жинап алған. Салымшыларға ай сайын пайданың 20-40 пайыз жіберіп отыратынын айтқан. Сот оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды Orda.kz.
Еліміз бойынша алданғандар саны төрт мыңнан асады, алайда сотта олардың 148-і ғана жәбірленуші ретінде танылды. Сот дерегінше, азаматтар Нұржановаға 1 миллионнан 50 миллион теңгеге дейін ақша тапсырған. Судьяның айтуынша, айыпталушылардың есепшотына кей күндері 600 миллион теңгеге дейін қаржы түсіп отырған.
«Жәбірленушілердің аударылған 16 миллиард ақшасын қоса алған кезде, тәркіленген алтын бұйымдармен бірге санаған кезде ары кетсе 2 миллиардқа жетер жетпес дүние-мүлік болады. Қаржы пирамидасының тағы белгісі деп отырғанымыз – 16 млрд теңгеден 2 миллиарл бар. Қалған 14 миллиардтың ізі жоқ», – деді Мадияр Әбдірасыл.
Еске салайық, «Назира Голд» ұйымы биыл ақпан айында әшкереленген еді. Бір жылға жуық жүргізілген тергеу мен сот талқылауы нәтижесінде ұйымның басшысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды, ал оның сыбайластары 5 жылға сотталды. Алайда, сотталғандардың жетеуі кәмелетке толмаған балалары бар аналар болғандықтан, олар жазасын перзенттері 14 жасқа толған соң өтейтін болды.
Бұл шешіммен жәбірленушілер келіспей отыр.
«Мені 2022 жылы алдаған. 2023 жылы тағы 11 адамды алдаған. Ол бұрын да бірнеше рет сотталған. Ал сот оны үйқамаққа жіберді. Бұл әділетсіз шешім. Мен 25 миллион теңгенің, яғни 1 келі алтынның затын тапсырғанмын. Әлі күнге дейін әділ шешім көрген жоқпын. Барлық дәлел қаралмады. Енді Жоғары сотқа шағымданамын», – деді Қарлығаш Бекболатова есімді жәбірленуші.
Нәзира Нұржанова да үкіммен келіспейтінін айтып, кінәсіз екенін дәлелдеуге ниетті. Судьяның сөзінше, ол сот барысында «жиналған ақшаны қайтарамын» деп уәде берген. Дегенмен, сенуден қалған зардап шеккен жұрт енді істі Жоғары сотта қайта қарауды талап етпек.
Айта кетейік, тергеу барысында назардан тыс қалған тағы бірнеше күдіктіге қатысты іс әлі жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
- Шымкентте «Назира Голд» ісіне сот үкімі шықты: халықты алдап, 16 млрд теңге жымқырғандар сотталды
- «Шетелдіктер үшін аралас бола ма?»: Алматыдағы 224-мектепті ана тілінде ашуды талап еткендер әкімдікпен мәмілеге келе алмады
- АҚШ-тан Алматыға есірткі тасыған ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері анықталды
- Прокурор Хасан Қасымбаевқа 15 жыл сұрады
- Трамптың арнайы өкілі мен АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Қазақстанға келді
- Қырғызстанда бірнеше БАҚ экстремист деп танылды
- Түркістан облысында екі шенеунік ұсталды
- Депутат Абзал Құспан қызын ұзатты
- Ақтөбеде құмар ойын бизнесін ұйымдастырғандарға үкім шықты
- «8 жыл күткен»: Алматыда донор болған марқұм әйел 6 адамның өмірін сақтап қалды
- Ақтауда тұрғын үйдің жертөлесінде газ жарылды
- Сотталған экс-шенеунік Бақытгүл Хаменова Атыраудағы тойда байқалды
- Ресейлік Akmal есімді әншінің Қазақстандағы концерттері өтпейтін болды
- Алматыда теракт жасамақ болған шетел азаматтары ұсталды
- «Күштеп жасатқан»: Екібастұзда даму орталығындағы қыз баланың қолы жарақаттанды
- Санкциялар қысымына ұшыраған «Лукойл» Қазақстандағы активтерін сатпақ
- Семейде қыз зорлап, түрмеге түскен қылмыскер көз жұмды
- Қазақ елі Таиланд пен Камбоджа арасындағы бейбітшілікті қолдады
- Әзірбайжан әскерін Газадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмек ретінде жібермекші
- Қырғызстан аузынан қағынып, опық жеген Екатерина Биволды қамауға ордер шығарды