Шымкентте қаржы пирамидасымен айналысқан 10 адамға үкім шықты

cover Фото: freepik.com

Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар мен көмекшілеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қылмыстық іс Шымкент қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Сот мәліметінше, Қ. есімді азамат 2024-2025 жылдар аралығында қаржы пирадимидасын әлеуметтік желілерде жарнамалайды. Ол алған ақшаны жоғары пайызбен қайтаратынын айтып, адамдардан 600 млн теңгеден аса ақша алған.

Сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін А. есімді азаматтың көмегіне жүгінеді. Оның есеп шотына үшінші тұлғалардың атынан ақша аударған. Қалған тоғыз сотталушы қаржы пирамидасы қызметі жүріп тұруы үшін ұйымдастырушыға белсенді түрде жәрдемдескен.

Сотталушылардың кінәсі дәлелденді. Қаржы пирамидасын ұйымдастырған азамат 10 жылға сотталды. Қалған тоғыз сотталушыға 3 жылдан 7 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, қылмысты кәмелет жасына толмай тұрып жасаған сотталушыға 1 жыл пробациялық бақылау тағайындалды. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар