Шымкентте автобус жүргізушісі баланы қағып кетті

cover Pixabay

Шымкентте автобус жүргізушісі баланы қағып кетті, деп хабарлады Оrda.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты 11 сәуірде сағат 13:00 шамасында Молдағұлов көшесінде Колос базарының маңында болған. Қыз жолдың рұқсат етілмеген жерінен жалғыз өтіп бара жатқан. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Қыздың жасы шамамен 6-7 жас аралығында.

Автобус жүргізушісі жол апатының мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар