Шылым ұстап бензин құймақ болған Петропавл тұрғыны жансақтау бөліміне түсті
Фото: Envanto
Петропавлда қолына шылым ұстап тұрып, бензин құймақ болған адам жансақтау бөліміне түсті. Науқастың жағдайы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Қазір 30 жастағы ер адам өте ауыр халде қалалық көпсалалы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомство мәліметінше, ол канистрадан бензинді дәнекерлейтін темір құтыға құюға тырысқанда күйік алған.
«Оқиға кезінде ер адамның қолында тұтанған шылым болған. Жарылыс болып, киімі өртенген. Зардап шеккен адам шұғыл түрде бірден аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Алдын ала деректерге сәйкес, науқастың басы, денесі, аяқ-қолдары және тыныс алу жолдары күйіп қалған. Сондай-ақ ІІ–ІІІ дәрежелі күйік шалу диагнозы қойылған. Қазір ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр және тұрақсыз деп бағалап отыр. Медициналық көмек барынша көрсетіліп жатыр.
Жаңалықтар
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема