Шығыс Қазақстанда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

cover

Ол 25 жастағы Тәжікстан азаматы болып шықты. Қылмыскер Өскеменде жалдамалы пәтерде ұсталды. 

Шетелдік алаяқтық пен ұрлық жасағаны үшін бір жылдан астам іздеуде болған, деп хабарлайды Polisia.kz .

«Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыскердің тұрған жері туралы Тәжікстан Республикасы полициясына хабарлама жіберілді. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылуда» делінген хабарламада.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар