Шыңжаңнан қашып келген үш адам Қазақстан азаматтығын ала алмайды

cover

Босқын мәртебесі бар Қайша Ақан, Мұрагер Әлімұлы, Қастер Мұсаханұлы ҚР Ішкі істер министрлігіне ресми хат жолдады. Себебі оларға Қазақстан азаматтығы берілмейді.

Бұл туралы Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін сәуірде көші-қон полициясы аталған азаматтар «шекараны заңсыз кесіп өткені үшін» азаматтық берілмейтінін ауызша айтқан.

23 мамырда Ішкі істер министрлігі нақты жауап берген.

– «Көші-қон туралы» заңның 49-бабына сай, Қазақстанға заңсыз келген, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған; сотталғанға дейiн тұрақты тұрғылықты жерi Қазақстаннан тыс болған адамдарға азаматтық берілмейтіні жазылған. Осыған орай қазір Қазақстан азаматтығын беру мүмкін болмай тұр, - делінген Ішкі істер министрлігінің хатында.

Хатқа Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғали Заппаров қол қойған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар