Шошқа фермасы жабылса, 400 адам жұмыссыз қалады

cover

Ақтөбе облысында шошқа фермасы айналасындағы жанжал салдарынан 400-ден астам адам жұмысынан айрылуы мүмкін.

Бұл туралы Orda.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Кәсіпорын жабылу алдында тұр. Жұмыссыз қалған ауыл тұрғындарына жол жөндеу жұмыстарына қайта даярлау ұсынылды.

– Барлық тізім жасалды, үй-үйді араладық. Қандай жұмыс бар, барлығын ұсынып жатырмыз. Биылғы жылы Ақтөбе-Қандыағаш жолын жөндеу жалғасуда, 100-ден 150 мыңға дейін жалақы алатын 70-ке жуық бос жұмыс орындары ашылады. Біз оларға осы жұмысты да ұсынып отырмыз, - деді Бұлбұл Елеусінова, Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы.

Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының айналасындағы жанжал алты ай бұрын басталған. Ауыл тұрғындары кәсіпорын қызметіне байланысты адам төзгісіз иіске шағымданды. Арнайы комиссия кешен қызметкерлері қоқыс тастамай, қатты тұрмыстық және биологиялық қалдықтардың барлығын траншеяларға көміп тастағанын анықтады. Бірнеше шұңқырдан 190 тоннаға жуық қалдық табылды. Нәтижесінде шошқа фермасына қатысты 13 әкімшілік іс қозғалды. 7 млрд теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ қылмыстық тергеу басталды. Кешен иесі үй қамақта.

Сот шешімімен кәсіпорын ағынды суларды ағызуды тоқтата тұруы керек болатын. Бірақ олар тоқтатпады. Содан кейін сот орындаушылары кәріз жүйесін мөрмен жауып тастады. Ресми мәліметтер бойынша, 35 шошқа аммиакпен уланып өлтірілген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар