Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектеп «Домбыра – дастан» атты ауқымды онлайн концерт ұйымдастырды
Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектеп (Shoqan School) дәстүрлі көктем мерекесі Көрісу күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды онлайн концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Музыкалық шеруге 130 мектеп оқушысы, сондай-ақ Shoqan School негізін қалаушы Әсел Тасмағамбетова қатысты. Арнайы қонақтар ретінде Golden Time Talent халықаралық байқауының лауреаттары — танымал домбырашылар Ернат Наурыз бен Темірлан Олжабай өнер көрсетті.
Жас домбырашылардың онлайн өнерін 1200-ден астам көрермен тамашалады. Мектеп оқушылары үшін жеке трансляция ұйымдастырылды.
«Домбыра – дастан» концерті Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп бірнеше жылдан бері өткізіп келе жатқан дәстүрлі ҰЛТТЫҚ ФЕСТИВАЛЬ – 2026 мерекесінің бастауына айналды.


«Біздің оқушылармен бірге домбырада ойнау мен үшін ерекше қуаныш. Біздің мектепте қазақ мәдениетіне қызығушылықпен әрі құрметпен қарайтын көптеген талантты балалар өсіп келеді. Біз оларға сапалы заманауи білім беріп қана қоймай, өз тамырымен байланысын сезінуге көмектесуге тырысамыз. Біз мектеп баланың тұлға болып қалыптасуында маңызды рөл атқаратынына сенеміз. Өз тарихыңды білмей, құрметтемей, болашақ құру мүмкін емес. Түлектеріміз Қазақстанда немесе шетелде білімін жалғастырса да, туған жерімен байланысын сақтағаны біз үшін маңызды. Сондықтан мектебімізде қазақ мәдениетін, дәстүрін және ең бастысы қазақ тілін үйренуге ерекше көңіл бөлінеді», — деп атап өтті Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектептің негізін қалаушы Әсел Тасмағамбетова.
Фестиваль қазақтың дәстүрлері, мәдениеті мен құндылықтарына арналды және балалар үшін музыка, шығармашылық пен қарым-қатынас арқылы ұлттық мұрамен жанды түрде танысу алаңына айналды.
Фестиваль аясында мектеп құндылықтарына арналған интерактивті сабақтар, ұлттық қолөнер бойынша шеберлік сабақтары өтті, сондай-ақ жоғары сынып оқушылары үшін WIBA Awards 2026 халықаралық сыйлығының «Әлемнің үздік тревел-блогері» номинациясының иегері — тревел-блогер Дастан Мұхамедрахиммен кездесу ұйымдастырылды.
Фестивальдің қорытындысы «Құрақ көрпе» атты шығармашылық рефлексия — ақпараттық мозаикамен аяқталды. Құрақ көрпе — ұрпақтар сабақтастығының, ұлттық тәрбиенің және мәдени жадтың символы. Қазақ мәдениетінің бұл дәстүрлі элементі халықтың ұқыптылығын, шеберлігін және нәзік эстетикалық талғамын бейнелейді әрі ұлттық мұрада ерекше орын алады.
Фестиваль аясында балалар ұзындығы төрт метрден асатын мерекелік, түрлі-түсті құрақ көрпе құрастырды. Мектепте өз халқының дәстүрлерін білу және құрметтеу өскелең ұрпаққа мәдени бірегейлікті сақтауға, өз тамырымен байланысын сезінуге және ел болашағын сенімді құруға көмектеседі деп есептейді.
Аталған іс-шараның идея авторы — Shoqan School мектебінің мұғалімі әрі тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Үржігітова Гүлзина Әбенқызы.
Жаңалықтар
- Несие алу қиындайды:Ұлттық банк қосымша шектеулер енгізеді
- Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектеп «Домбыра – дастан» атты ауқымды онлайн концерт ұйымдастырды
- 36 күдікті ұстау изоляторында: Сталкинг бойынша сотқа 51 іс жолданды
- Кубадағы толық блэкаут: Энергетикалық дағдарыс, Трамп қысымы және көшедегі наразылық
- Рахат Тұрлыханов қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін
- Ауғанстан–Пәкістан соғысы: Кабулдағы ауруханаға соққы жасалды — 400 адам қаза тапты, тағы 250 жарақат алды
- Есірткі өндіруді әкесі үйреткен: Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ашқан
- Қаражатын инвестициялауға үгіттеген: Желі арқылы жұртты алдаған алаяқ Ресейден экстрадицияланды
- Референдум қорытындысы: 87,15% қазақстандық жаңа Конституцияны қолдады
- Балаларға қатысты зорлық-зомбылық: Тергеу жүйесіндегі негізгі мәселелер қандай?
- Иран Орталық Азия еліне әскери ескерту жасады
- Қазақ салтындағы бала асырап алу дәстүрі
- Тоқаевқа референдум нәтижесіне орай тағы құттықтау жеделхаттары келіп түсті
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды