Шешенстанда балаларына батыр есімін қойғандарға 500 мың рубль ұсынылады - Қадыров

cover Фото: telegram / Kadyrov_95

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров дүниеге келген сәбилерге ата-аналары шешен батырларының атын берсе 500мың рубль көлемінде сыйақы алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров жыл қорытындысы бойынша кеңес өткізіп, 2024 жылдың соңына дейін дүниеге келген сәбилерге ата-аналары шешен батырларының атын берсе 500мың рубль, яғни шамамен 2 500 000 теңге көлемінде сыйақы алады, деп мәлімдеді өзінің Telegram парақшасында.


Акция уақыты жылдың соңына дейінгі күн болатынын тапсырдым. Осы күндері дүниеге келген сәбилерге ата-аналары шешен батырларының атын берсе 500 мың рубль алады, деп жазды Рамзан Қадыров

РБК  мәліметінше, бұндай акция бірінші рет өткізіліп жатқан жоқ. Соңғы рет 2020 жылы 28 қазаннан 29 қазанға қараған түні дүниеге келген балаларға ата-аналары Мұхаммед пайғамбардың немесе оның отбасы мүшелерінің есімін бергендерге  100 мың рубль, яғни 500 мың теңге көлемінде қаражат берілді.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар