Шерзаттың отбасына тіл тигізген «доктор» қамауға алынды
Фото: Видеодан кадр
Әлеуметтік желіде Шерзат Болаттың отбасына тіл тигізген Бауыржан Әбдірахманов қамалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Марқұм Шерзаттың жақындарына алты ай бойы психологиялық қысым көрсеткен Бауыржан Әбдірахманов 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Шерзаттың әпкесі Бақыт Рейімованың айтуынша, ер адам марқұмның туыстарын жүйелі түрде қорлап, олардың отбасына негізсіз жала жапқан. Ол TikTok желісінде «Маскарад» және «Доктор» бүркеншік аттарымен жала жабатын видеолар жариялап, арандатушылық мәлімдемелер жасады.
Еске салайық, бұған дейін Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Рейімова көпірден секіріп, өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған TikTok қолданушысы Бауыржан Әбдірахманов себеп болған.
Бұл қоғамда үлкен резонанс тудырған іс жайлы қысқаша айта кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубай Нұрымов, ұлы Шерзат және ағасы Нұрқанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Негізінен бұзақылық, кісі өлтіру, қоқан-лоққы жасау, қылмысты құзырлы органдарға хабарламау сынды айыптармен қылмыстық іс қозғалды. 3 пышақ, 1 мылтық айғақ ретінде алынды.
Бұл оқиғадан соң әкесі мен Нұрқанат көкесі әділ сот талап етіп, жақындарымен және бір топ адаммен Талғарда көшеге шығып, жолды жауып тастаған болатын. Ал 12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм болған Шерзаттың отбасының үйі өртеніп кетті.
Ал 9 желтоқсан күні таңертең Талғардың шетінде қайтыс болған жасөспірім Шерзаттың ағасы, оқиғаның басты куәгерлерінің бірі Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды.
Ал жақында іс сотқа өткеннен кейін, Айтбек Амангелді Шерзаттың әкесі адвокаттардан бас тартқанын мәлімдеген еді.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?