Шерзаттың өліміне кінәлілердің бәрі топ болып жазалануы керек — Перизат Нұрымова
Фото: Orda.kz
Бүгін Талдықорған қаласында 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сот алдында тілшімізге марқұмның әпкесі кінәлілердің бәріне тобымен ауыр жаза берілуін талап ететінін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Айта кетейік, 4 қазан күні Алматы облысының Талғар қаласында қайғылы жағдай болды. «Қамажай» дүкенінің иесі Қаржаубай Нұрымов пен оның ұлы 16 жасар Шерзат Полатпен және бауыры Нұрғанат Ғайыпбаев және дүкенге келген адамдардың арасында жанжал болған. Дау жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне ұласты. Дүкен иесінің 16 жастағы ұлы Шерзат Полат пышақ жарақатынан қаза тапты. Жасөспірімді дереу ауруханаға жеткізгенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Бұл оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Қазірдің өзінде көптің назары соттың қандай үкім шығаратынында.
Бүгін сот үкімі оқылар алдында тілшіміз жәбірленуші тараптан пікір алды.
Марқұмның әпкесі Перизат Нұрымова тергеу барысына және ұсынылған жаза мерзімдеріне көңілі толмайтынын айтты.
«Прокурор ұсынған жылдар мені қанағаттандырмайды. Бұлар топтасқан адамдар ретінде сотталуы керек еді. Біздің тараптағы адвокаттар солай сұраған болатын. Не себепті олар бір топ адам болып келіп, бірақ сотқа келгенде бөлек-бөлек жылдар сұрап жатыр. Олар топпен жазалануы керек», — деді Перизат Нұрымова.
Жаңалықтар
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр