Шерзат Полаттың өлімі: Төбелесті бастауға бұйрық берген «Чика» деген кім?
Коллаж: Orda.kz
16 жастағы Шерзат Полаттың ісі бойынша өтіп жатқан сотта марқұмның ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың тергеу кезінде берген жауабы оқылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Нұрғанат Ғайыпбаевтың айтуынша, сол күні дүкеннің алдына Hyundai Accent көлігі келіп тоқтаған. Көліктен «Чика» деген лақап аты бар жігіт түскен. Дәл сол жігіт, Ғайыпбаевтың сөзінше, төбелесті бастауға бұйрық берген.
«Мен Чиканың түрі таныс екенін айттым. Ол: «Мен шалмын ғой» деді. Мен күліп: «Сенің жасың 30-ға да толмаған шығар». Ол күліп, дүкеннің есігін ашып, ішке қарап: «делайте» деді», — деген еді марқұм Ғайыпбаев.
Осы сәттен кейін жаппай төбелес басталып, соңы Шерзаттың өлімімен аяқталған.
Сотта бұған ұқсас жауапты Санат Әбдіқадір есімді куә де берді. Ол айыпталушы Дидар Қалиахметтің бөлесі. Оның айтуынша, оқиға күні ол Қалиахмет және Дәулет Мұратовпен бірге «Қамажай» дүкеніне барған. Олар Hyundai Elantra көлігімен келді. Дүкеннің сыртында 7–8 жігіт тұрған.
«Ғайыпбаев менімен амандасып: «Сендер төбелеске келдіңдер ме?» деп сұрады. Мен: «Мен шалмынғой» дедім. Ол күліп: «Біз құрдас сияқтымыз, мен 1994 жылғымын» деді. Мен 1997 жылғы екенімді айттым», — деді Әбдіқадір.
Оның айтуынша, олар дүкен ішіне кіргенде сатушы Қаржаубай Нұрымов оларды сауда жасамай шығарып жіберген. Сәлден соң сырттан шу естілген, сосын олар сол жерден кетіп қалған.
Алайда бұл аз уақыт ішінде нақты не болғанын Әбдіқадір айта алмады. Өзі көзілдіріксіз болғанын, жарықтан ештеңе көрмегенін, адамдардың түрін танымай қалғанын жеткізді. Сотта ол қобалжып, жиі-жиі су ішіп отырды. Оның сөзі небәрі 14 минутқа созылды.
Жаңалықтар
- Екі жыл ішінде елімізде балаларды қорғауға қатысты 11 заң қабылданды
- Масуд Пезешкиан: Әдейі арандатушылық болмаса, көрші елдерге шабуыл жасамаймыз
- «Бүгін Иранға өте қуатты соққы жасалады» — Трамп
- Қазақстанда Отбасы омбудсмені институты енгізіледі
- Дубай әуежайы қауіпсіздік қатеріне байланысты жұмысын уақытша тоқтатты
- СҚО-дағы тас жолда екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты
- Кәсіби боксшы Мадияр Әшкеевтің АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті
- 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті