«Шерзат Полаттың ісі»: Прокуратура екі қыздың не себепті жауапқа тартылмағанын түсіндірді
Коллаж: Orda.kz
Прокуратура Шерзат Полаттың сотында негізгі куәгерлер санатында болған, яғни төбелестің басы-қасында болған Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдінің әлі күнге дейін жауапқа тартылмағанына қатысты жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы облысының прокуратурасы Шерзат ісі бойынша сот шешімі әлі заңды күшіне енбегенін мәлімдеді. Себебі айыпталушылар аппеляциялық шағым түсірген.
«Қылмыстық іс облыстық сотта қаралуда. Сондықтан жеке шешім заңды күшіне енгеннен кейін процессуалдық шешім қабылданады», деп хабарлады прокуратура.
Айта кетейік, прокурор Дана Сәрсенбай сотта куәгер екі қыздың ақпаратты жасырып қалғанын айтып, Алматы облысының полиция департаментіне жіберіп, қылмысты хабарламау және жалған куәлік беру баптарымен тергеуді талап еткен еді. Нәтижесінде сот жалған куәлік берді деген екі куәгер қызға қатысты жеке қаулы шығарды.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды