Шерзат Полат ісі бойынша сот отырысы: Журналистерге тікелей эфир жүргізуге тыйым салынды

cover Фото: Видеодан кадр

Бүгін, 10 сәуір күні, сағат 12:00-де Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ісі бойынша алдын ала тыңдау бойынша ашық сот отырысы басталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Жоғарғы соттың өкілі Перизат Садуақасова онлайн-трансляция және сот отырысының ашықтығы туралы шешімнің алдағы 15-20 минут ішінде тараптардың пікірін ескере отырып қабылданатынын айтты. Содан кейін ғана сот ісі онлайн бақыланатыны немесе залға кіруге болатыны айтылады.

Журналистер қазір тіркелуде, бірақ олар тек онлайн-трансляция арқылы сот процесін бақылауға мүмкіндік алады.

Сот отырысы Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр. Соттың Талдықорғанда өту себебі Шерзаттың отбасының адвокаты Мейірман Шекеевтің айтуынша, күдіктілердің көбісі осы Талдықорғандағы уақытша ұстау изоляторында отырғанына байланысты.

Сот ғимаратының маңында белсенділік байқалып, күзет қызметі мен полиция қызметкерлері бақылау жүргізуде. Сонымен қатар, жақын жерде Жеңіс күніне арналған дайындық өтіп жатыр.

Қазіргі уақытта сот ғимаратына жедел жәрдем көлігі келіп тоқтады.

Orda.kz тілшісі оқиға орнында, істің барысы туралы бірден хабарлап, оқырмандарға ақпарат береді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар