Шерзат ісіндегі бейнебақылау жазбасы барлық шындықты ашып бере ала ма?
Шерзат Полаттың ісіне қатысты Прокурор Құрақбаев “Қамажай” дүкенінің алдынан алынған бейнежазбаларды көрсетуді сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сонымен сотта 2024 жылдың 4 қазанындағы "Қамажай" дүкенінің алдындағы бейнебақылау камерасының жазбасы көрсетілді.
- Бейнежазбада 23:42-де Әскентай “Қамажай” дүкеніне кіреді. 23:53-те дүкенге Шерзат Полат кіреді.
- 00:12-де Шерзат Полат Әскентайды ұрып, оның бет-аузынан қан ағып жатқаны әрі сол арада ол телефонмен біреумен сөйлесіп тұрғаны көрінеді. Артынан Қаржаубай шығып жарақатын жууға көмектескені көрсетілді.
- 00:14-те Әскентай дүкенннің алдынан кетіп, 00:21 де қайта келеді. Сол кезде Қаржаубай екеуінің бір-екі ауыз сөйлескені көрсетілген.
- 00:26-да дүкен алдына Гольф көлігінен екі сотталушы Думан Ысқақ пен Нұрбол Тоқтаубаев шығады.
- 00:34-те прокурордың айтуынша олар бір-бірінен кешірім сұрап, қол алысып кеткен. Прокурордың бұл сөзіне сотталушы Нұрбол Тоқтаубаев ешқандай қол алысу болмады дейді. Бұл сәт камераға түспеген.
- 00:34-те Тоқтаубаев, Әскентай мен Ысқақ гольф көлігіне отырып дүкеннің алдынан кетіп қалады.
- 00:37-де Әскентай дүкеннің алдына көлікпен қайта келіп ішіне кіріп кетеді, 00:39-да Тоқтаубаев Ғайыпбаевты шетке қарай сөйлесуге алып кетеді.
- 00:42-де Ғайыпбаев пен Әскентайдың сөйлесіп тұрғаны көрсетілді. 00:43-те Қаржаубай дүкеннен ашуланып атып шығады, артынан Шерзат әкесіне басу айтып, айырып жатқаны көрсетілген. Дәл осы жерде Қаржаубайдың қолында пышақ бары көрінген. 00:46-да Шерзат дүкеннің алдынан кетіп қалды.
- 00:50-де дүкен алдына Шерзаттың достары келеді. 00:56-те көлікпен жігіттер келеді артынша камерадан Санат Әбдіқадірдің Ғайыпбаевпен сөйлесіп тұрғанын көруге болады.
- 00:56-дан кейін бейнежазбадан сотталушылар мен жәбірленушілерді әрі екі куәгер қызды көруге болады.
- Төбелес басталған кезде Белқожаев барсеткасынан бәкі, яғни пышақ алып шығады, араға бірер минут салып, 01:01-де куәгер Нұрбекова Сәкиев Равильді ол жерден алып кетпекші болады. Дәл осы сәтте төбелес басталады. Ал төбелестің біткен уақыты - 01:07, дәл осы уақытта Шерзатты Қаржаубай ауруханаға алып кетті.
Жаңалықтар
- Екі жыл ішінде елімізде балаларды қорғауға қатысты 11 заң қабылданды
- Масуд Пезешкиан: Әдейі арандатушылық болмаса, көрші елдерге шабуыл жасамаймыз
- «Бүгін Иранға өте қуатты соққы жасалады» — Трамп
- Қазақстанда Отбасы омбудсмені институты енгізіледі
- Дубай әуежайы қауіпсіздік қатеріне байланысты жұмысын уақытша тоқтатты
- СҚО-дағы тас жолда екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты
- Кәсіби боксшы Мадияр Әшкеевтің АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті
- 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті