Шерзат ісі: Дидар Қалиахметтің әйелі несие алғызып, елді тақырға отырғызып жүр ме?
Коллаж Orda.kz
Шерзат Полаттың соты бітіп, үкім шыққанымен оған қатысты істер әлі де басылар емес. Сотталғандардың бірі Дидар Қалиахметтің жары Талғар қаласында оншақты адамға несиеге алғызып, алаяқтықпен айналысып жүр деген шағым халық алдына шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Журналист Руслан Өтепбайдың YouTube арнасында Шерзат ісі бойынша сотталған Дидар Қалиахметтің жары Балауса Еркінқызы талай адамның сеніміне кіріп, үстіне пайызын қосып беремін деп несие алып, артынша төлемей кеткені жайлы ақпарат шықты.
Еске сала кетейік, Шерзат Полат ісінде Дидар Қалиахмет «бұзақылық» бабы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Балауса Еркінқызы 23 жастағы Дарын атты жігіттің сеніміне кіріп, 7 миллион 700 мың теңгеге несие рәсімдеген. Жігіттің оған несие алып берген себебі Еркінқызы алған әр несиеге үстінен пайыз беремін деген екен. Балауса Еркінқызының осыншама адамды несиеге батырып жүргенін ата-енесі білетінін, бірақ жай-жапсарынан хабарсыз екенін айтты. Тіпті Дарын деген жігітке Балауса Еркінқызы өзі қолхат беріп, бейнежазбаға барлығын уақытында төлеймін деп жазып берген екен.
Одан бөлек Еркінқызының аттасы Балауса атты тағы бір қыз оған 2 миллион теңге несие алып берген. Оған үстінен 500 мың теңге беремін деп сенімге кіріп артынан алған несиесін 4 айдан бері төлемей келе жатыр екен.
«Мен бұған дейін де қарызға киім сақан едім. Тіпті аз несиеге де алып берген едім. Сол кездері ол барлығын қарыздарын бөліп-бөліп төлеп жүрген еді. Ол осылайша менің сеніміме кірді. Мен оның Шерзат ісіндегі Дидар Қалиахметтің әйелі екенінен несие алып берген сәтте хабарсыз болдым. Мен оны сот ашық болып жатқан кезде ғана білдім. Балауса Еркінқызынан зардап шеккен жеке өзім білетін оншақты адам бар», – дейді Балауса.
Сонымен қатар, Диадр Қалиахметтің жары ешқандай байланысқа шықпай, ешкіммен сөйлеспей кеткен екен. Қазіргі уақытта Балауса Еркінқызының телкефоны «байланыстан тыс жерде».
Orda.kz тілшісі Дидар Қалиахметтің адвокаты Гаухар Баймұхановаға хабарласқанда ол кісі бізге «қорғауымызда болған адамның туыстарының іс әрекетіне жауап бермейміз» деп қысқа қайырып жауап қайтарды.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?