Шерзат Болаттың ісі: 170-тен астам куәгерден жауап алынды

cover Фото: facebook/ Абзал Құспан

Мәжіліс депутаттары Абзал Құспан мен Ұнзила Шапақ Алматы облысына барып, Талғарда болған оқиғаның мән-жайымен жақынырақ танысуда. Бұл туралы депутат Құспан өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Orda.kz.

Әлеуметтік желілерде әртүрлі ақпараттың таралуы салдарынан көбінесе тексерілмеген, эмоциялық жазбалар мен бейне әңгімелер назар аудартады. Шерзат ісімен жақынырақ танысу үшін  Абзал Құспан мен Ұнзила Шапақ Алматы облысына барды.

Прокуратураның ресми ақпараты бойынша, қасақана кісі өлтіру күдігімен 11 адам ұсталды. Қазіргі уақытта тиісті тергеу шаралары жүргізілуде. Бұл іс бойынша 170-ке жуық куәгерден жауап алынып, жан-жақты тергеу жүргізілу үшін 40-қа жуық сарапшы тағайындалды, деп жазды Абзал Құспан.

Сонымен қатар, Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың өлімі Бас прокуратура мен ІІМ-нің бақылауында екенін атап өткен жөн. Онда да сот сараптамалары жүргізілуде.

Айтбек Амангелді және Шерзат Болаттың адвокаттары Марал Жайлаубаева мен Саида Тәуекелова жасөспірімнің ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне байланысты пікір білдірді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар