Шені жоғарылайтын қауіпсіздік күштері қызметкерлері детектордан өтуі мүмкін

cover Фото: Pexels

Қазақстан қауіпсіздік күштері қызметкерлері шенін жоғарылату кезінде детектордан өтуі мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.

 Бұл туралы «Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы» заң жобасында айтылған.


«Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметкерлерінің зерттеуі жоғары тұрған басшы лауазымдарға ұсыну кезінде (аттестаттау немесе жоспардан тыс аттестаттау немесе жоғары тұрған басшы лауазымға конкурс шеңберінде) және қызметтік тергеп - тексеру жүргізу кезінде оның келісімімен жүргізіледі» деп жазылған Үкімет қаулысының жобасында. 

Сонымен қатар, құжатта жоғары тұрған басшы лауазымдарға ұсынылған кезде:

  • құқық қорғау органдарында қызметте болудың жасырын теріс себептері (тыйым салынған қоғамдық бірлестіктер, қылмыстық және террористік ұйымдар және басқалар қызметінің мүддесі үшін);
  • теріс тәуелділіктер, психикалық және физикалық тәуелділікті тудыратын есірткі, психотроптық және өзге де психоактивті заттарды қолдану;
  • құқық қорғау органдарында қызметтен толық өтуге кедергі келтіретін жасырын аурулар, суицидтік бейімділік;
  • кірістер, мүлік және мүліктік сипаттағы міндеттемелер туралы мәліметтерді жасыру, қос азаматтықтың болуы, жалған құжаттарды пайдалану;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау, бөгде адамдарға құпия немесе қызметтік ақпарат беру фактілері;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері;
  • тыйым салынған қоғамдық бірлестіктермен, қылмыстық және террористік ұйымдармен байланыс немесе коммерциялық құрылымдарға қатысу, егер бұл бұрын олардың лауазымдық міндеттеріне кірмеген болса;
  • лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану тексеріледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар