Шавкат Рахмонов екінші ота жасатқанын айтып UFC-ге оралуды кейінге қалдырды
Фото: UFC
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов халық адына қашан қайта оралатыны туралы жанкүйерлеріне мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
X әлеуметтік желісіндегі жаңа жазбасында Рахмонов өзіне екінші ота жасатқанын және соған байланысты оның октагонға қайта оралу мерзімі тағы да кейінге шегерілетінін мәлімдеді.
«Жекпе-жек спортшысының жолы ешқашан жеңіл емес. Өмір бізге еңсере алмайтын сынақ бермейді. Әрбір арманның өз бағасы бар, кейде сол баға — денсаулық болады. Бүгін мен шындықты айтуым керек: созылмалы жарақаттарға байланысты тағы бір ота жасатуыма тура келді, енді толық қалпына келу үшін уақыт қажет. Осыған байланысты октагонға оралуым кейінге қалды» деп жазды Шавкат Рахмонов.
Шавкат Рахмонов бұл жаңалықтың өзі үшін де ауыр екенін атап өтті.
«Мұндайды қабылдау оңай емес. Дегенмен әрбір кейінге жасалған қадам — үлкен жоспардың бір бөлігі екеніне шын жүректен сенемін. Мен бұрынғыдан да мықты, ақылды әрі жігерлі болып ораламын. Мақсатым әлі де күшінде. UFC белбеуі міндетті түрде Қазақстанға келуі тиіс» деп қосты Рахмонов.
Ол қандай жағдай болмасын өзін қолдап жүрген жандарға алғысын білдіріп, жарақатына байланысты мансабын аяқтауды ойламайтынын растады.
Алдын ала бағалауға сәйкес, Шавкат Рахмоновқа толықтай қалпына келу үшін кемінде 9 ай уақыт қажет екен. Жақында жанкүйерлері оны Алматыда өткен Naiza турнирінде балдақпен, сондай-ақ 2025 жылдың мамырында ота жасалған сол аяғына тізеқап тағып жүргенін байқаған.
Сонымен қатар, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов тізесінен тағы жарақат алып, отаға жатуға мәжбүр болғанын танымал MMA-журналист Ариэль Хельвани спортшының менеджері Дэнни Рубинштейнге сілтеме жасап хабарлады.
Осылай жартылай орта салмақтағы ел үміт артып отырған спортшы тағы да ұзақ үзіліс жасауға мәжбүр, бұл оның мүмкін болатын титулдық мүмкіндіктерін де кейінге шегеріп жатыр.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсан айында өткізді.
Тақырыпқа қатысты оқи отырыңыз:
- Шавкат Рахмоновтың әйелі қатысқан жол апаты: Тергеу аяқталуға жақын
- Шавкат Рахмонов «ресейлік» болып кетті
- Тоқаев Шавкат Рахмоновты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Жаңалықтар
- Өзен тасыды: Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу бекетін уақытша жапты
- Алматыдағы резонанс: жол апатынан кейін қай шенділер қызметінен кетті?
- Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қақтығыстар қайта басталды
- Ресейде төбелескен қазақстандықтар жазалана ма?
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды
- Тоқаев: альпинизм мен заманауи тау туризмі жан-жақты дәріптеледі
- Перизат Қайраттың түрмедегі жағдайы қалай?
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын күшейту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес
- Ормуз бұғазын ашуды талқылау үшін 30 ел бірікті
- ФИФА футболдағы жаңа ережелерді жариялады