Өзбек басшысы Шавкат Мирзиеев Қазақстанға көмектесуге дайын

cover Фото: ҚР Президентінің ресми сайты

6 қыркүйек Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Мирзиеев әңгіме барысында Қостанай облысындағы орман өртіне байланысты Тоқаевты қолдайтынын айтып, төтенше жағдайды жоюға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, екі ел президенті тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша өзара іс-қимылды кеңейтудің өзекті мәселелерін қарастырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар