«Шәйнек ішінде»: Ер адам тергеу изоляторына есірткі өткізбек болған

cover Фото: freepik.com

Алматыда тергеу изоляторына есірткіні шәйнек ішіне жасырып өткізбек болған күдікті анықталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

ІІМ мәліметінше, сәлемдемелерді қабылдау-тексеру бөлмесінде 1990 жылы туған Р. есімді жігіттен шайнектің ішіне салып өткізбек болған есірткі затына ұқсас ұнтақ тәркіленді. Сәлемдеме әкелушілер үшін арнайы тақта орнатылып, онда бас бостандығынан айыру орындарына тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті үшін қолданылатын жаза айқын жазылған. Бірақ, соған қарамастан бақылау пунктінде сәлемдемелердің ішінен тыйым салынған заттарды анықтау фактісі жетерлік. 

Күдікті азамат тыйым салынған затты бірнеше рет ұрлық жасап, 2 жыл 6 айға сотталған Б. есімді сотталған туысына жеткізбек болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар