ШҚО: Колонияда тіс пастасының ішінен марихуана табылды

cover polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы ОВ-156/18 DUIS мекемесінің қызметкерлері есірткі заттарды пошта сәлемдемесі арқылы тасымалдаудың алдын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталушыға арналған сәлемдеме мазмұнын тексерген кезде тіс пастасы түтігінің ішінен ерекше иісі бар жасыл зат табылды.

«Күдікті зат табылған кезде тәркілеу жүргізу үшін аумақтық құқық қорғау органдарының қызметкерлері дереу шақырылды. Сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген зат кептірілген марихуана екені анықталды, оның салмағы 9,34 грамм. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді мекеме басшысы Аслан Нұрбеков.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар