ШҚО: браконьерлерден сегіз тоннадан астам балық тәркіленді

cover

ШҚО-да браконьерлерден сегіз тоннадан астам балық тәркіленді.

Бұл туралы Orda.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

– ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері ШҚО мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасымен бірлесіп Сарыбел ауылы маңындағы Бұқтырма су қоймасының жағасында рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде Көкпекті ауданының Көкжыра ауылының тұрғындарымен балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісін анықтады. 48 және 49 жастағы ер адамдар «рипус» балығын заңсыз аулаумен айналысқан. Келтірілген шығын көлемі 359 841,12 теңгені құрады, – делінген хабарламада.

Фото: Polisia.kz

Оқиға орнынан тәртіп сақшылары салмағы 102,8 кг рипус балығын,

«ВАЗ» автокөлігін, «ВАЗ» автокөлігінің тіркемесін, моторлы қайықты, ұзындығы 80 метр синтетикалық ау табылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар