Үш күнде екі бірдей адамды дүкенде тоқ соғып, мерт болды

cover

Азық-түлік жеткізіп жүрген экспедитордың өліміне қатысты жаңа мәліметтер анықталды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Ер адамды әлеуметтік павильонға кіре берісте электр тоғы соқты. Оны марқұм Ұлан Шайкеновтың әріптесі көрген.

– Тоқ қуаты тек кіреберісте емес, қоршауда да болды. Сол күні, 8 маусымда жаңбыр жауып тұрды. Біз малмандай су болдық, жер су, жаңбыр болды. Ұлан резеңке аяқ-киімде болған. Ол бірінші болып жәшіктермен кірді, мен оның артынан, шамамен 3-5 метр қашықтықта кіріп бара жаттым. Оның бір қолында қорап, екінші қолында 10 келілік майонез шелегі болды. Ұлан бір аяғымен ғана кірді. Қолымен ештеңені ұстамады, өйткені қолында тауарлар болды. Ол аяғымен темір подьезге аттай салысымен оны бірден артқа лақтырып жіберді. Аяқ-киімі аяғынан ұшып кетті. Айқайлап, суға құлап түсті. Қол- аяғы құрысып қалды. Ол созылып, қатып қалды, - деді Андрей.

Андрей өз өмірін қатерге тігіп, әріптесін бірден киімінен тартып, шалшықтан шығарып алды. Ол жүрегіне массаж жасады, бірақ Ұлан есін жимастан көз жұмды.

– Кіре берістегі баспалдақтар темірден жасалған, баспалдаққа темір қоршаулар дәнекерленген. Егер қоршауды басқа біреу ұстаса, оны да тоқ соғар еді, - деді куәгер.

Ұлан қайтыс болардан екі күн бұрын 6 маусымда 36 жастағы сатушы әйел де дәл сол жерде қайтыс болған. Жедел жәрдем оны құтқара алмады. Дәрігерлер жүректің тоқтауы диагнозын қойды. Әйел ешқашан кардиологтың есебінде болған емес. Ол жүрегіндегі ауырсынуға шағымданбаған. Сол күні сатушы дүкендегі едендерді жуып, суды төгуге шыққаны белгілі болды. Болжамды түрде ол дымқыл қолымен темір қоршауды ұстауы мүмкін.

Қазір павильон толық қуаттан ажыратылған. Дүкен иесі полицияға куәлік етіп жатыр. Жауап алу кезінде ол ауырып, жедел жәрдем шақыруға тура келген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар