Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалда кінәлі деп танылды
Фото: GOV.KZ
Серік Сәпиев пен оның орынбасары арасында болған жанжалға қатысты қызметтік тексеру аяқталды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінше, тексеру нәтижесінде басқарма басшысы Серік Сәпиевтің әрекеттері мемлекеттік қызметшілерге қойылатын әдеп талаптарын бұзғаны анықталған, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресми құжатта көрсетілгендей, оқиға кезінде Сәпиев ел алдында мемлекеттік қызметкерге лайықсыз мінез-құлық танытып, мемлекеттік құрылымның абыройы мен беделіне нұқсан келтірген.
«С.Сәпиевтің әрекетінен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 6-бабы 5) тармақшасы мен 8-бабының 1) және 7) тармақшаларында көзделген талаптарды бұзу белгілері байқалады. Атап айтқанда, ол азаматтардың көз алдында өзі қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттерге жол берген, ұжымда іскерлік әрі ізгі қарым-қатынастарды және сындарлы ынтымақтастықты қалыптастыру мен нығайтуға ықпал етпеген, сондай-ақ әріптесіне қатысты әдепке жат мінез-құлық танытқан» деп жазылған құжатта.
Айта кетейік, 23 қаңтар күні Олимпиада чемпионы, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары, самбо және жауынгерлік самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері Дәурен Есімханов арасында төбелес болды.
Жаңалықтар
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты