Сергей Шойгу отставкаға жіберілді

cover Фото: РИА

Сергей Шойгу Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Президент Владимир Путин оны Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындады.

Бұл туралы Кремль хабарлады.

Путин Николай Патрушевті бұл қызметтен босатты.

«Патрушев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды, ол алдағы күндері Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы ретінде қай жерге орналасатынын хабарлаймыз»,- деп түсіндірді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Ресей Федерациясының қорғаныс министрі қызметіне вице-премьер Андрей Белоусов тағайындалады деп күтілуде.

Бұған дейін Ресей үкіметі отставкаға кеткен болатын. Бұл Владимир Путиннің бұрынғы президенттік мерзімінің аяқталуына байланысты болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар