Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің жағдайы белгілі болды

cover Фото: freepik.com

Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен бір күндік нәресте табылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қыздың туғанына шамамен бір күн ғана болған. Қатты күйік шалған бала ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша нәресте денесінің 80% күйген екен.

Абай облысы бойынша балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Эльзира Жүнісова сәби кеше, 13 қазанда сағат 19:40-та қайтыс болғанын жазды.

"Нәресте облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілген соң, жансақтау бөліміне өте ауыр жағдайда түсті. Дәрігерлер жаңа туған қыздың өмірі үшін күресті, денесін 80 пайыз күйік шалған"  деп жазды ол.

Абай облысының прокуратурасы аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар