Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
Фото: Orda.kz
Щучинскідегі мейрамханада болған жарылыстан зардап шеккендерге тәулік бойы медициналық көмек көрсетілуде, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермектің айтуынша, «Авиценна — Бурабай» ауруханасында төрт науқас ем қабылдап жатыр. Олардың барлығының жағдайы ауыр.
Қалған науқастар көпсалалы өңірлік ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалады. Олардың ішінде төрт пациентке өкпені жасанды желдету аппараты қосылған. Ал екеуі аса ауыр жағдайда. Өңірге Астанадан мамандар, соның ішінде анестезиолог-реаниматологтар келген.
Нариман Ермек барлық қажетті дәрі-дәрмек пен медициналық құралдар жеткілікті екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, Щучинск қаласында дәмханалардың бірінде жарылыс болып, артынша өрт шықты. Салдарынан жеті адам қаза тауып, тағы жиырма адам жарақат алған еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп
- Трамп Иран басшысы қызметіне үш үміткер бар екенін мәлімдеді
- Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты мұнай бағасы көтеріліп барады
- Тоқаев БАӘ президентімен телефон арқылы сөйлесті: Қазақстан көмек көрсетуге дайын