Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды

cover Фото: freepik.com

Щучинскіде жарылыс болған «Палау орталығы» дәмханасының иесі ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі («Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу») бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Дәмхана басшысы кеше, 2 наурызда ұсталған. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сасақ, Щучинск қаласында «Палау орталығы» кафесінде жарылыс болып, артынша өрт шықты. Салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы жиырма адам жарақат алды. Ақмола облысы ТЖД-ның мәліметінше, бес қабатты тұрғын үйдің жанындағы бір қабатты дәмханада газ жарылып, кейін өрт тұтанған. Құтқарушылар хабарлама түскеннен кейін 5 минут ішінде оқиға орнына жеткен.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар