Сәтбаев қаласында мас жүргізуші жасөспірімдерді қағып кетті

cover Фото: freepik.com

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында бес жасөспірімді мас көлік жүргізушісі қағып кетті, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиға 2025 жылғы 25 мамырда Сәтбаев қаласындағы Абай көшесінде, дәмханалардың бірінің жанында болған. Жүргізуші жол жиегінде тұрған бес жасөспірімді қағып кеткен оның екеуі жарақат алды. Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнежазбада жол жиегінде емін-еркін тұрған жасөспірімдерді көліктің бар жылдамдықпен келіп қағып кеткен сәті түсіп қалған.

«Оқиға орнына полиция дереу жетіп,  жүргізуші ұсталды. Жасөспірімдер медициналық тексеруден өтті. Қазіргі таңда олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», деп хабарлады полиция департаменті.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары бұл дерек бойынша материалдар сотқа жолданғанын, тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар