Сарыөзектегі сарбаз өлімінен кейін кімдер қызметінен кетті?

cover Фото: Азаттық

Сарыөзекте болған сарбаз өлімінен кейін бірқатар әскери қызметкер жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы баспасөз мәслихатында қорғаныс министрлігінің өкілі айтты. Бұл іске қатысты тергеу әлі аяқталмапты. 

«Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар әскери қызметкерлер, шенділер қызметінен босатылды. Басқа да жазала алды. Ары қарай тергеу барысында қорғаныс министрлігі қоян-қолтық әріптестерге көмектесіп жатырмыз. Әрине, тергеу амалдары ашық өтіп жатыр. Оған біз өз көмегімізді беріп жатырмыз. Бәрі әділ өтеді», – деді қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы, әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев. 

Еске салайық, 14 қаңтарда Сарыөзек гарнизонында далалық оқу-жаттығу кезінде әскери қызметші жүрегіне оқ атып, мерт болған.


«Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы жетекшілік ететін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр», деп хабарлады құрлық әскерлерінің қолбасшылығы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар