Салтанат Томпиева Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болып тағайындалды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетіне жаңа төраға сайланды, тиісті жарлыққа үкіметте қол қойылды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

«ҚР Көлік министрінің бұйрығымен Салтанат Еркінқызы Томпиева Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болып тағайындалды» – делінген хабарламада.

Салтанат Томпиева бүкіл мансабын авиация саласында өткізген. Бұған дейін бірқатар басқармада бас сарапшы болып еңбек етті:

- әуе кеңістігін пайдалану басқармасында;

- халықаралық стандарттарды енгізу басқармасында;

- халықаралық қатынастар басқармасында.

2019 жылдан бастап комитет басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар