«Сәкен тойдан табыс тапқысы келе ме?»: Майғазиев көпшілікке жауап берді
Фото: Instagram II Сәкен Майғазиев
Желіде қызу талқыға түскен әнші Сәкен Майғазиевтің жалғыз ұлының тойына онлайн қонақ болу қаншалықты заңды? Бұл қоғамда даңғаза шуға айналған соң Orda.kz тілшісі әншіге хабарласып, мән-жайды сұрастырды.
Әлеуметтік желіде кешеден бері танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет Майғазиевтің үйлену тойы қызу талқыланып жатыр. «Тойдың болғанынан болары қызық демекші» бұл тақырыптың желіде «желдей» есіп кетуі де бекер емес. Оған себеп, тойға Telegram бот арқылы тіркеліп 1380 теңгеге онлайн қонақ болу жайлы тараған ақпарат.
Orda.kz тілшісі ақпараттың анығын білу үшін әнші Сәкен Майғазиевке хабарласты.
«Барлығы заң аясында болады. Бұл идеяны той ұйымдастырушылар айтты. Мен бастапқыда қаламаған едім, ойлана келе қуанышымды көпшілікпен бөлісейін дедім», – деді Майғазиев.
Ал қалған сұрақтар бойынша тойдың тікелей трансляциясын өткізу идеясын ұсынған ұйымдастырушы «TANBA MEDIA» компаниясының жетекшісі Айгүл Ақсембиевадан жауап ала алатынмызды айтты.
Айгүл Ақсембиева жалпы бұл тойға бір емес бірнеше той ұйымдастыру компаниялары атсалысып жатқанын айтты. Оның айтуынша, тойдан тікелей стрим жасау идеясы тойға келе алмаған алыс-жақын шетелдегі әрі шалғайдағы туыстарға арналған екен. Алайда, талқылау барысында Майғазиевтің тыңдармандары да тойды көрсін деген ниетпен стримді кәсіби деңгейде көпшілікке арнап жасауды ұсынған.
«Тойға келуге ниетті алайда жағдайға байланысты келе алмай жатқан туыстар мен достарға арналған стрим жасаймыз деген едік. Талқылай келе, бізге оны толыққанды трансляция жасау идеясы келді. Бұл трансляция тек қана той емес, сонымен қатар тікелей эфирде кәсіби жүргізушілер жас жұбайлар мен тойға келген қауымнан сұхбат алады. Сонымен қатар тікелей стримді сапалы жасау үшін жылжымалы телестанция жалданады», – деді ұйымдастырушы.
Сонымен қатар, қаражаттың қайда түсіп жатқанын әрі салық төлеу туралы сұрағымызға ұйымдастырушы барлығы заң аясында деп жауап берді.
«Салық міндетті түрде төленеді. Қаражат жеке тұлғаға емес жеке кәсіпкерге түседі. Сондай-ақ, айтқым келгені, егер онлайн стримнің ақшасы шығын мен салықтан артылса, Сәкен оны қайрымдылыққа жұмсайтыны айтты. Тойға онлайн қонақ болу саны шектеулі, салық пен трансляцияның шығыны жабылғанда тойға билет сату да тоқтайды», — деді Ақсембиева.
Сонымен қатар, тікелей эфир ұйымдастырушының айтуынша, бұл қазақтың той мәдениетін жаңа бір сатыға көтеріп, жақсы мәдени шара ретінде эксперимент жасап көру.
Ақсембиевадан біз тойға офлайн қанша адам келетінін де сұрастырдық. Оның айтуынша, шамамен 800-ге жуық қонақ келуі мүмкін.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды