Саяси террор құрбаны: Алтынбек Сәрсенбаевтың кітаптары жарық көрді

11 ақпан – саяси және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбаевтың қаза тапқанына 19 жыл. Дәл осы қаралы күні қайраткердің «Уақытында айтылған шындық» және «Алаштың Алтынбегі» атты екі томдық кітабы жарық көрді. Кітаптардың тұсаукесеріне Orda.kz тілшісі қатысып, шара барысын баян етті.
Кітаптың тұсаукесеріне қоғам қайраткері, жазушы Марат Байділдәұлы, ақын Батық Мәжитұлы, сондай-ақ журналист әрі Алтынбектің ағасы Рысбек Сәрсенбайұлы қатысты.


Алтынбек Сәрсенбаевтың көзі тірісінде бірге жүрген жазушы Марат Байділдәұлы саясаткердің ештеңеден тайсалмай, сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық шындықты айтқанын еске алды.
«Уақытында айтылмаған шындықтың қадірі болмайды», – дейтін Алтынбек Сәрсенбаев. Ол Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаеваның мемлекетті толықтай басып алуға шақ қалғанын алғашқылардың бірі болып айтқан. Бірақ Рахаттың батылдығы жетпеді. Егер жеткенде, Қазақстанда мемлекеттік төңкеріс болып, билік толығымен олардың қолына өтер еді. Бұл жоспардың артында Рахат Әлиев тұрғанын Алтынбек арнайы құжаттар арқылы дәлелдеді. Рахат ҰҚК төрағасының орынбасары болғанымен, іс жүзінде Назарбаевпен қатар елдің қожайынына айналып бара жатты», – деді Марат Байділдәұлы.
Ал ақын Батық Мәжитұлы саясаткердің батылдығын Махамбетке теңеп: «Кітаптағы сұхбаттар – жай әңгіме емес, бұл терең философиялық ойлар», деп пікір білдірді.
«Алтынбек кеңес үкіметімен тәуелсіз үкіметтің өтпелі кезенінің өкілі болатын. Қазақстанның тарихындағы ең жас министр Алтынбек Сәрсенбайұлы. Кез келген адам министр болады, ал қайраткер болу екінің бірінің маңдайына жазылмаған»,
деп есіне алады Батық Мәжитұлы.
Алтынбекке атылған оқ - халыққа атылған оқ


Алтынбек Сәрсенбаев тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең жас министр атанды. Бірақ ол биліктің айтқанымен жүретін қатардағы шенеунік емес, шындықты бетке айтқан саяси қайраткер еді.
2006 жылдың 11 ақпаны – ұлттық қасірет күні. Марқұмның ағасы Рысбек Сәрсенбайұлы інісінің әр минутын бағалайтын, білімге ұмтылған жан болғанын айтты.
«Алтынбекке атылған оқ – халыққа атылған оқ», – деп зиялы қауым өкілдері жерлеу кезінде айтты. Егер Алтынбек тірі болғанда, Жаңаөзен қырғыны болмас еді. Мұнайшыларға оқ атылмас еді. "Әттең, Алтынбектің жоқтығы" деп көз жасын сығып айтқан адамдарды Батыс Қазақстанға барғанда талай кездестірдік. Халық оны әлі іздейді, өйткені оның әрбір айтқан сөзі – ақиқат еді»деген Рысбек Сәрсенбайұлы.
Арада 19 жыл өтсе де, саясаткердің қазасына нақты кім жауапты екені әлі белгісіз.
«Ол саяси күреске ашық шықты. Сондықтан Назарбаев бастаған топ пен олигархтар билеген мемлекет оны 11 ақпан күні үйіне бара жатқан жолда тоқтатып, ұрлап әкетіп, қаскөйлердің қолына тапсырды. Оны оққа байлағандар – сол кездегі биліктің адамдары. Бұл – саяси террор. Бірақ бұл істің тапсырыс берушілері мен орындаушылары әлі толық анықталған жоқ. Дегенмен, шындықтың ашылатын күні алыс емес. Уақыт келеді, және олар заң алдында жауап береді», – деді Рысбек Сәрсенбайұлы.
Жаңалықтар
- Қазақстандықтар енді Арменияға шетелдік төлқұжатсыз ұша алады
- СІМ Азаттықтың 12 тілшісінің аккредитациясын 3 айға созды
- Кәсіпкер Қайрат Реимов Қорғастағы Гаджиев жайлы айтып, Тоқаевқа кеңес берді
- Обухов «ГОК» ісі: Прокурор Долгалевке 12 жыл сұрады
- Енді жоғары сынып оқушылары гинеколог қабылдауынан өтеді
- Астанада автобус апатынан екі аяғынан айырылған 8 жастағы Алуаның алғашқы қадамы
- «Көлікті 13 жастағы бала басқарған»: Алматы облысында жол апаты болып, 2 адам көз жұмды
- «Сотталған шенеуніктің ұлы»: Жандос Иманалиев президент әкімшілігіне қызметке келді
- Қайта қаралады: бір айға созылған 30 млн бопсалады деген блогерлердің ісі жарамсыз деп танылды
- Алматы әуежайында Lufthansa ұшағына жанармай көлігі соғылды
- «Тренд пе, мазақ па?»: есту қабілеті нашар таксисті видеоға түсірген блогер жұрт талқысына түсті
- «Жұмыстан қуады деп үміттенемін»: Димаш автобус бағасын 500 теңгеге өсіруді айтқан сарапшыны сөкті
- Айсулууды өлтірген қандықол қылмыскер 15 жыл бойы өзге де әйелдерді өлтіргенін мойындады
- «Хасанға түрмеде телефон берді»: адвокаттар жәбірленушінің бұрын істі болғанын алға тартты
- «Автобус жолақысы 500 теңге»: Депутаттар бұл бағамен келісе ме?
- Блогер Мирболат Мырзатайұлының ісі бойынша тергеу аяқталды
- Ақтауда пышақ ұстаған ер адам бөтен пәтерге терезе арқылы кірмек болды
- Судьяға жедел жәрдем шақырылды: 30 млн бопсалаған блогерлердің үкімі кейінге қалды
- Мәжіліске жаңа депутат келді
- Ердоған Италияның премьер-министріне темекіні тастауға кеңес берді