Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады

cover Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті. Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен жылы құттықтады, деп хабарлайды  Orda.kz.      

Қырғызстан Президенті жаңа Конституция бойынша дауыс беру нәтижелері қазақстандықтардың Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыру бағытын кеңінен қолдайтынын толық көрсететінін атап өтті.

Мемлекет басшысы Садыр Жапаровқа қолдау білдіріп, Қырғызстаннан келген байқаушылардың белсенді қатысқаны үшін алғысын айтты. Сонымен қатар, конституциялық реформалар мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

Әңгіме барысында тараптар қазақ-қырғыз көпқырлы қарым-қатынастарын одан әрі нығайту мәселелерін талқылап, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты жан-жақты тереңдетуге бейілді екенін растады.

Президенттер аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін де талқылады.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар