Сәденов түрмеде туған күн тойлауға жол бергендерге қатысты пікірін айтты

cover Фото: Бейнеден кадр

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Шерзат Полатты қатыгездікпен өлтірді деген күдіктілердің түрмеде туған күн тойлағанына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Сәденов мәжіліс депутаты Мақсат Толықбайдың сұрағына жауап берді. Министрдің айтуынша, түрмеде туған күн тойлауға жол бергендерге қатысты қызметтік тергеу жүргізілген. 

«Қызметтік тергеу нәтижесінде кінәлі 6 қызметкер жауапқа тартылды», — деді Сәденов. 

Бұған дейін ІІМ Еңбекшіқазақ ауданындағы уақытша ұстау изоляторында болған жағдайға қатысты пікірін айтып, 16 адам жазаланғанын мәлімдеген еді. 

«Бейнетүсірілімді УҰИ-дің бұрынғы қызметкері қызмет мүдделеріне қайшы әрекет жасай отырып жүргізгені анықталды. Ол бұл үшін жеке ұялы телефонын пайдаланған. Қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін ол арнайы шенінен айырылып, жұмыстан қуылды», — деп хабарлады ІІМ. 

Болған жағдайға байланысты режимді бақылау күшейтілді. Қосымша бейнемониторинг шаралары енгізіліп, ұқсас мекемелерде жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.

Айта кетейік, ақпан айында Алматы облысының прокуратурасы түрмеде туған күн тойлауға жол берген полицейлерді қандай жаза күтіп тұрғанын мәлімдеген еді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар