Сүт өнімдерін таңбалаудағы жаңа ереже

cover

Сала мамандары тек экспортталатын тауарларды сандық таңбалауды ұсынуда. 2021 жылдың 20 қаңтарынан бастап жаңа ережелер күшіне енеді, оған сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері тек таңбаланған сүт өнімдерін экспорттай алады. Сандық белгісі жоқ тауарлар (оларды арнайы құрылғылар оқиды және тауардың өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі жолын анықтауға мүмкіндік береді) жалған болып саналады. Қазақстан да аталған одақ мүшесі ретінде осы ережелерді сақтауы керек.

Қазақстанның сүт өнімдері одағы ел ішінде өз өнімдерін таңбалауды ерікті негізде енгізуді ұсынды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл ұсынысты қолдап отыр. ҰКП осы саладағы таңбалау экспорттаушы кәсіпорындар үшін міндетті, ал ішкі нарықтағы өнімдер цифрлық таңбалаудан босатылуы мүмкін. Қазақстан үкіметінің бұл ұсынысты ойластыруы үшін бір жылдан астам уақыт бар - елде сүтті таңбалау 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілуі керек екендігін айтуда.

Осы тұста 2020 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстан Ресей Федерациясына пилоттық режимде баратын сүт өнімдерін таңбалауды бастағанын атап өткен жөн.

«Сүт өнімдерін таңбалау мәселесінде басымдық экспорттық өнімдерге берілуі керек, өйткені бұл жерде мәселе ЕАЭО елдері нарығындағы өз ұстанымымызды сақтауға қатысты.  Ішкі нарыққа келетін болсақ, міндетті таңбалауды енгізудің қажеті жоқ. Яғни, біз ішкі нарыққа таңбалауды енгізбестен, тек экспорттық өнімді таңбалауды ұсынамыз», - дейді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

Әлемде тауарларды міндетті таңбалау акцизделетін тауарларға немесе нарықтарда «көлеңкеден» ең көп үлесі бар тауар топтарына қатысты енгізілген. Көбінесе, бұл өзара байланысты нәрселер, өйткені акциздерді төлеуден жалтару контрафактілік тауарларды өндірушілер мен сатушыларға қатысты.

Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп нарығында көлеңкелі айналым үлесі 63% болса, аяқ киім нарығы - 49%, алкоголь - 25%, фармацевтика - 12% құрайды екен. Біз айтып отырған сүт өнімдері контрафактіге аз ұшырайды, өйткені олар тез бұзылады. Дәл осы жағдай оны таңбалауға қарсылар үшін негізгі аргумент болып отыр.

Сонымен қатар, Қаржы министрлігі сүт нарығы көлеңкеден шыққан кезде бюджетке 2021–2025 жылдары қосымша 2 млрд теңге салық пен кедендік төлемдер түсетіндігін есептеп қойған.

Сонымен, сақтау мерзімі аз өнімдерге, сондай-ақ қоюландырылған сүтке, майға, ірімшікке және сүзбеге 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап таңбалау енгізілуі мүмкін. Айран, йогурт және ашымыққа келетін болсақ, бұл өнімдер міндетті түрде 2021 жылдың 1 қазанынан бастап таңбалануы мүмкін. Сондықтан қазақстандық экспорттаушылар, мәселен сол Ресей нарығында өз позицияларын сақтағысы келсе, тауарларын таңбалауы керек.

Қазақстанда сүтті тек 13 компания экспорттайды екен. Жалпы елімізде сүтті қайта өңдейтін 214 кәсіпорын бар. Ел ішіндегі сүт өнімдерін өндіру көлемі 2019 жылы 1 миллион 388 мың тоннаны құраса, оның 158,8 мың тоннасы шетелге сатылды, яғни жалпы өндірістің 10%-ы.

ЕЭК статистикасы бойынша 2020 жылдың сегіз айында Қазақстан Ресей Федерациясына 23,8 мың тонна сүт және қантсыз кілегей экспорттапты, ал Ресейден Қазақстанға ұқсас тауарлардың экспорты 4,2 мың тонна болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар