Құрылыс салушылар адвокат Бақытжан Базарбектің үстінен арыз түсірді

cover

Жер қатынастары туралы қылмыстарды әшкерелегіш заңгер Бақытжан Базарбектің үстінен ірі құрылыс салушылар полицияға «жала жабу» бабы бойынша арызданды. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Бақытжан Базарбектің айтуынша, қала билігі оған осылайша қысым көрсетпекші.

Орал қаласы әкімдігінің бұған дейін белгілі бір тұлғаларға заңсыз жер телімін бергені туралы жазба жарияланғаннан біраз уақыт өткеннен кейін оған қалалық полиция қызметкері телефон соғып, оның үстінен ірі құрылыс салушыдан полицияға хаттама толтырылғанын ескерткен.

Заңгер тіпті сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімдері әкімдіктің бұл заңсыз қаулысының күшін жоюды сұрағанына қарамастан, сот алқасы қаулы шығарғанын атап өтті. Соның салдарынан мүгедек әйелімен қарапайым зейнеткер зардап шегіп, олар іс жүзінде және заңды түрде өзідерінің жер телімі мен үйінен айрылған.

Бақытжан Базарбек бұрын құрылыс ​​компаниясының атын да білмегенін айтады.

— Қызметкердің сөзіне қарағанда, менің үстімнен 73-3-бап (жала жабу) бойынша арыз берілген, ал арызданушы Орал қаласының Киров саябағы ауданында элиталық тұрғын үй салып жатқан жеке кәсіпкер. Жарайды, бәрі түсінікті, - деп қосты автор.

Орал қаласы әкімдігінің 2018 жылы нақты бір кәсіпкерге жеке меншікке жер телімін беруінің заңсыздығы туралы арызды құрылыс салушы 14 желтоқсанда соттың шешімінен кейін бергені белгілі болған.

— Мен заңсыз шешім туралы хабарламадан 15 минуттан кейін пост жаздым. Ал хабарлама жарияланғаннан кейін 15 минуттан соң полиция қызметкері берілген арыз туралы қоңырау шалды. Өз басым мұның артында Орал қаласы әкімдігінің жауапты қызметкерлері, облыстың сот және құқық қорғау жүйесі өкілдері тұр деп есептеймін. Бұл түсінікті. Бес ай бойы мен оның санитарлық-қорғау аймағында заңсыз тұрғын үйлер тұрғызылған «КУБЛЕЙ» ЖШС-нің мүддесін сотта қорғап келемін. Біз мұның артында кім тұрғанын, оны кім жауып жатқанын бүкіл елге ашық айттық, - деді ол.

Заңгер «Ирменова А.С» жеке кәсіпкерлігінің барлық тұрғын үйлерін бұзуды және барлық кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ететінін атап өтті.

— Біреулер осы  үшін мені қорқытпақшы болды. Ал Оралда әкімдіктің жер телімдерін заңсыз иеліктен шығарып, рекреациялық аймақта құрылыс салумен айналысқанын бүкіл жұрт естіді. Бұл олардың шамына тигені сөзсіз. Бұл тек қана консерві зауытына байланысты заңсыз әрекеттер туралы ғана емес.  Әңгіме Орал қаласы бойынша кең тараған заңсыз құрылыс туралы болып жатқанын әркім түсінуі керек. Мұны бір заңгер тоқтата алмайды, бірақ ол Орал қаласы әкімдігінің шенеуніктерінің әрекетінің заңсыздығын сотқа дәлелдеп, халықтың, жұртшылықтың көзін ашып, Оралда не болып жатқанын ашық айтып отыр! Бұл мәлімдеме арқылы, шынымды айтсам, олар мені одан бетер ашуландырды, - деп жазды Базарбек.

Оның айтуынша, мұның заңды салдарын өтініш беруші де, Орал қаласы әкімдігінің жауапты қызметкерлері де түсінуі керек.

— Көп ойланбастан, мен басқа өңірлердегі сот істерін қабылдауды қысқартуды шештім және 2022 жылы тек Орал қаласымен 80% айналысқым келеді. Барлық уақытымды жер және құрылыс мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін зерттеуге арнағым келеді. Барша жұртшылықтың назары Оралдағы заңсыз игерілу мәселесіне бұрынғыдан да қатты аударылатын болады. Бәрі енді ғана басталды... деп түйіндеді жазба иесі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар