Құрылыс компаниялары тұрғын үй бағасын төмендетті

cover

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин құрылыс компаниялары бастапқы және қосалқы тұрғын үй бағасын төмендетіп жатқанын айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Қазіргі уақытта бастапқы тұрғын үй бағасының өсу қарқынының қаңтар-шілдедегі 3 пайыздан, яғни 0,4 пайызға дейін төмендеуі байқалады. Сондай-ақ қайталама тұрғын үйлер үшін 5 пайыздан 1,1 пайызға дейін арзандаған, - деді Жұманғарин үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бағаның төмендеуі Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Атырау қалаларында байқалады.

– Хабарламаларды орындау аясында компаниялар тобы Алматыдағы бірқатар тұрғын үй кешендерінің бағасын 15 пайызға, немесе шаршы метріне 90 мың теңгеге төмендетті. Тағы бір компания тұрғын үй кешендері шаршы метрін 20 мың теңгеге дейін төмендетті, басқа компания Нұр-Сұлтандағы 51 тұрғын үй кешенінде орташа есеппен бағаны сегіз пайызға арзандатты.

Алматыда - 11 пайызға, Шымкентте - 3 пайызға, Атырауда - 4 пайызға. Басқа әзірлеушілер де ескертулерді орындады және бағаны орта есеппен 15-20 пайызға төмендетті, - деді Жұманғарин.

Ол орташа бағаның төмендеуі 9 пайызды құрайтынын қосты. Жеңілдік диапазоны шаршы метр үшін 10 мыңнан 125 мың теңгеге дейін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар