Руслан Берденовті атқан ер адамға қатысты іс сотқа келіп түсті
Коллаж: Orda.kz
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалуына қатысты қылмыстық іс сотқа келіп түсті, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады.
«Қылмыстық кодекстің 24 – бабының 3-бөлігі-99-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталушыға қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Осы іс бойынша алдын ала тыңдау 28 шілде сағат 10.00-де өтеді», деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімдік ғимаратының жанында Руслан Берденовті атып кетті. Күдікті — 1994 жылы туған Жиенбай Ернар Жиенбайұлы. Ол Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты «Тұрғын үй Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде маман болып жұмыс істеген. Бұған дейін полиция Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалуына байланысты кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған еді.
Жаңалықтар
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады